Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атырау облысында Жайық жағалауын бекіту жұмысы тым баяу жүріп жатыр

20.03.2024ж. 20:00
243
Атырау облысында Жайық жағалауын бекіту жұмысы тым баяу жүріп жатыр

Атырау облысында Жайық жағалауын бекіту жұмысы тым баяу жүріп жатыр. Махамбет ауданына қарасты Алға ауылы халқы осылай деп дабыл қақты. Айтуларынша, құрылыс қарқын алмаса, ауыл суға кетуі мүмкін. Тұрғындар бірнеше рет атқамінерлерге жұмыстың жүрмей жатқанын ескерткен. Алайда нәтиже жоқ,- дейді ауылдағы ағайын. Республикалық бюджеттің қомақты қаржысын құрайтын жобаны жеңіп алған мердігер мекеме басшылығы не дейді? Әкімдіктегілер неге үнсіз отыр? Тілшіміздің бейнематериалы.

Бұл – Махамбет ауданына қарасты Алға ауылындағы Жайық жағалауы. Ұзындығы 3 шақырым 200 метр аумақты шілденің аяғына дейін толық бекіту жоспарланған. Бірақ қызу жұмыс байқалмайды. Бір техника мен бірлі-жарым ғана жұмысшы жүр.

Ғабиден СМАҒҰЛ, ТҰРҒЫН:

Қазады қазады да топырағын үйіп қойды. Мына жерге тау қылып, ана жерге тау қылып. Мына жерде қауым бар, сол жаққа апарып үйді. Қаншама куб топырақты Жайыққа лақытып жатыр. Әлі де лақтырып жатыр мына жерде су кел етін болса бізде мына жерде ешқандай техника да жоқ.

Қайыран МӘЖИЕВ, ТҰРҒЫН:

Тұрып қалу себебі жасап жатқан жұмысына бері қарай 15 метр құлап кеткен. Жобаға түзету енгізді. Нағыз жұмыс жасайтын кезде жұмыс жүрмейді, ертең сәуірден бастап су тасиды. Сол кезде тұрады. Сосын су кетсін де шілдеге дейін тағы жұмыс жоқ.

Жағалаудың жыры 2021 жылы басталған. Алғашында 3 млрд теңге, кейін жобаға түзету енгізіліп, құнын 7 млрд 200млн теңгеге қымбаттатыпты. Құрылыс мерзімі – 18 ай, биылғы шілденің аяғы. Ауыл әкімі де, аудан атқамінерлері де мердігер «Павлодар өзен порты» компаниясы басшылығына бірнеше рет кестеден кешіктірмеу туралы ескерту берген. Бірақ құлақ аспайды,- деп мойындады.

Расул МУСИН, АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Өр суы тасып кететін болса, ауылымызды алып қалу қиындап тұр. Қазіргі уақытта дамбы жарылып жатыр. Бірақ оны қайтіп ретке келтіред. Ретке келтіргенмен қазір су Жайықтың астынан жарды құлатып жеп келе жатыр. Павлодар өзен порты мойнына алған ауылды суға кетірмеу жөнінде және жағалауды бекітіп беру жөнінде.

Сырымбет КЕНЖЕБАЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Өндірістік жұмыстар кестеден кешігу бар. Биыл 2024 жылғы жұмыстар толық келісілген жоқ. Тапсырыс беруші тарапынан ондай төленбеген қаржы, қарызымыз жоқ. Ондай орын алған жоқ, бүгінге дейін. Қазіргі уақытта 300 шақырымның 500 метрі ғана аяқталып тұрғанын ескертіп жатырмыз. Ауыл тұрғындарын жұмылдыруды ұсыныс еттік.

Ауыл халқы қанша шырылдаса да, мердігер мекеме өкілі ғана алаңсыз. Уақытында бітіреміз деуден танбады.

Мұрат МҰЗАФАРОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ӨКІЛІ:

Негізі паводкаға дейін бәрі бітіп тұр. Шпунттар түгел. 3 км 200 мерге қағылып тұр. Аздап қана кешігу бар. Бірақ біздер плитаны салу маусым айында. Су көтерілген кезде халық уайымдап жатыр бәрін жойып жібереді деп. Жойып жібермейді береговой линия төменгі жағын бәрін ұстайды. График бойынша биыл бітіреміз.

Былтыр көктемде істелген жұмыстарды су шайып кетіп, кері бастауға тура келген. Тұрғындар бұл жағдай тағы да қайталана ма деп қауіптенеді.