Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нысана көздеуден әлем кубогіне қатысатын спортшылар анықталды

AstanaTV
28.03.2024ж. 18:34
532
Нысана көздеуден әлем кубогіне қатысатын спортшылар анықталды

Нысана көздеуден Бразилияда өтетін әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады. 11-20 сәуір аралағында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 10 спортшы қорғайды. Назарларыңызға Бразилиядағы бәсекеде сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Арина Алтухова

Александра Ле

Ислам Сәтбаев

Никита Шахторин

Константин Малиновский

Елизавета Безрукова

Валерий Рақымжан

Эльдар Иманқұлов

Ирина Юнусметова

Руслан Юнусметов

Айта кетейік, бұл турнирде олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады. Турнир жеңімпазы атанған спортшылар олимпиада лицензиясын иеленуге бір қадам жақындайды.