Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ауғанстанда енді зина жасаған әйелдер өлім жазасына кесіледі

AstanaTV
30.03.2024ж. 20:27
500
Ауғанстанда енді зина жасаған әйелдер өлім жазасына кесіледі

Ауғанстанда талибандар енді зина жасап күнәға батқан әйелдерді көпшілік алдында таспен ұрып, өлім жазасына кесуге ниетті екендіктерін мәлімдеді. Бұл туралы хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада өткен сенбіде радио мен теледидардағы тараған жаңалықтарда осы тақырыпты көтерген. Ол "біз әйелдерді зинақорлық үшін көпшілік алдында таспен ұрамыз", – деді.

Ол бұл әрекетті Талибанның батыстың ықпалына қарсы күресі деп атады. Ахундзада мұны әйелдер құқығын бұзу деп санайтындарды "шайтанның қызметшілері" деп атады.

Басылым жазғандай, Ауған әйелдері қазір өздерін қудалау мен әділетсіздіктен қорғауға дәрменсіз.