Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды

AstanaTV
06.04.2024ж. 11:22
212
Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысы Аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектеседі, зиян келтірілген материалдық шығын толығымен өтелетін болады» — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.