Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
07.04.2024ж. 16:05
181
Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.  

"Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", - делінген облыс әкімінің шешімінде.