Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Құлсары қаласынан 33 мыңнан астам адам көшірілді

AstanaTV
09.04.2024ж. 08:13
126
Құлсары қаласынан 33 мыңнан астам адам көшірілді

Алдын ала болжам бойынша Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды. Бқл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су тасқының салдарын жоюға 231 бірлік техника, 1198 жеке құрам, 18 бірлік жүзу құралдары, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.