Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Еріктілерге көпбалалы аналар да көмектесіп жатыр

AstanaTV
09.04.2024ж. 22:09
304
Еріктілерге көпбалалы аналар да көмектесіп жатыр

Су тасқынына байланысты эвакуацияланған Атырау тұрғындарына қолдау көрсетіп, қолғабыс жасау мақсатында қаламыздың көпбалалы аналары да «Біз адамдармыз - біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірге өз көмектерін көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

«Біз адамдармыз - біз біргеміз» қоғамдық қорының еріктілері игі істер жасап, халықпен бірге қайырымдылық шараларының басы қасында жүр. Еріктілер орталықта кезекшілік ұйымдастырып, заттарды қабылдап, сұрыптау жасап, мұқтаж адамдардың қажеттілігіне қарай тарату жұмыстарын атқарып жатыр.

- Қорда қазіргі уақытта 60 ерікті мен көпбалалы аналар қызмет жасап жатыр. 4 газельмен Орал, Ақтөбе қалаларына киім - кешек, тамақ, балалар жөргектері мен ойыншықтар жібердік. Осы аптаның Жұмасында 200 адамға ас бермек ниеттеміз. Бізге көпбалалы аналарымыз көмектесіп, тағамдардың дайындалуына ат салысады. Болатын садақамызға көмек көрсетем дейтін жандар болса, олармен байланысып, хабарласатын боламыз, - деді қор жетекшісі Иманғазы Досмұхамбетов.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп су тас­қынынан зардап шеккен тұр­ғын­дарға қолдан келгенше қол ұшын созуға тырысып жүрген еріктілер мен көпбалалы аналардың еңбегі ерен. Аналардың қатарында үздіксіз қызмет атқарып жүрген Гульмира Истлеуова да бар.

- Менің 8 балам бар. Менің жанымда меннен бөлек басқа да көпбалалы аналар көп. Біз келіп жатқан заттарды іріктейміз, жақсыларын алып, жинаймыз. Сонымен қатар, бізге халық та азық - түлік әкеліп беруде. Біз соларды коробкаларға салып, жинап, кеше «Жастар орталығына» апарып тапсырдық. Алдында 2 газель Ақтөбеге тамақ, киім - кешек, керек заттарды жібердік. Алдағы уақытта 200 адамға ас беру мақсатында жиын ұйымдастырып жатырмыз.