Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтауда Өзбекстанның Бас консулдығы құлсарылықтарға ас берді

AstanaTV
11.04.2024ж. 18:12
229
Ақтауда Өзбекстанның Бас консулдығы құлсарылықтарға ас берді

Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығы Құлсары қаласында болған су тасқынына байланысты зардап шеккендерге қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Іс-шара Ақтау қаласының Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттік жатақханасында өтті. Бұл уақытша паналау орнына Құлсары қаласының 200 тұрғыны орналасқан. Акция аясында эвакуацияланғандар мен еріктілерге дәстүрлі өзбек палауы, ыстық шай мен сусын ұсынылды.

Өзбекстанның Бас консулы Атабек Тұрсынбеков құлсарылықтарға су тасқынының тезірек аяқталуын тіледі. Эвакуацияланған тұрғындар қайырымдылық акциясын шын жүректен ризашылықпен қабылдап, Өзбекстан мен Қазақстан халықтары арасындағы мызғымас достықтың құнды екенін атап өтті.