Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Депутаттар Атырау облысына барып, су тасқынына қарсы шаралармен танысты

12.04.2024ж. 20:00
162
Депутаттар Атырау облысына барып, су тасқынына қарсы шаралармен танысты

«AMANAT» партиясынан сайланған бір топ депутат Атырау облысына барып, су тасқынан қорғану жұмыстарын өз көзімен көрді. Шаһардан 20 шақырым қашықта орналасқан Соколок каналы аумағында 15 шақырым бөгет салынып жатыр. Ені 10, биіктігі 5 метр болатын дамбы 100 мың қап топырақпен бекітілген. Қазір жеті жарым шақырымы толық аяқталған. Бұл бөгет 35 мың халқы бар бірнеше ауылды судан қорғайды.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жерде каналдар болатын теңізге дейін апаратын оның бәрі бітеліп қалған. 90 жылдан бері ешкім алдын алу жұмыстары жасалмаған. Қазып жатыр тереңдігін 10 метрге дейін мұның өзі биіктігі 5 метр болады. Осының бәрі кәсіпкерге рахмет айтым келеді. Таза партияның ұйымдастыруымен, кәсіпкерлер бірігіңдер. ортақ күшті жұмылдырып, үлкен бір жұмыс атқарылып жатыр.

Ал Көкарна ауылы мағындағы жағалауға бірнеше тұрғын үй тым жақын орналасқан. Депутаттар келген мол суды Каспий теңізіне бағыттап, экожүйені жақсартуға пайдалануымыз керек,- дейді.

 Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл суды тек қана қорғанып қана қоймау керек, пайдалы жағына іске асыруымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан бүкіл ресурсты қосып, жергілікті билік бар, компаниялар бар, кәсіпкерлер бар, жалпы халық судың арнасын тазалап, дамбыдан басқа сол суды Каспийге бұру жөнінде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екінші жағынан кей өңірдерде көлшіктер пайда болады.