Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысында "Таза Қазақстан" акциясына 300 мың адам қатысты

15.04.2024ж. 20:00
384
Алматы облысында "Таза Қазақстан" акциясына 300 мың адам қатысты

Алматы облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына 300 мың адам қатысты. Олар жағажайларды, саябақтар мен скверлерді тазалады. 

Экоакция аясында жұрт жаппай сенбілікке қатысты. Облыстағы 384 елдімекен қамтылды. Тұрғындардың белсендігі өте жоғары.

Сауле КАХАРМАНОВА, ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қаланың таза болғаны өзімізге де жақсы. Демалуға да, жүргенге де, қыдырғанға да. Жастарымыз өсіп-өніп, осы қаламыз ұлғая берсін. Сондықтан сенбілік сайын акция бойынша үлесімізді қосамыз.

Тазалық шарасы бір айға созылады. Бір күнде 11 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Көшеттер егіліп, айналаны жасыл-желекке айналдыру жоспарда бар.

Ержан ӘДІЛЕТ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Таза өлке» атты сенбілікке облыс аумағында 300 мыңға жуық адам қатысуда. Сенбілік өзіне көшет отырғызу, көшелерді тазалау және тағы басқа жұмыстарды өзіне қосады. Облыс аумағында 20 мыңға жуық көшет отырғызылайын деп жатыр.

Сенбілік барысында облыс әкімі 4 және 7 саяжай алаптарының тұрғындарымен кездесті. Газ және сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерген тұрғындардың тілектерін тыңдады.

Саяжай тұрғындары облыс әкіміне атқарылып жатқан тиімді жұмысы, халыққа ашықтығы мен жақындығы үшін алғыстарын білдірді. Әкім тұрғындарды белсенді болуға шақырды.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Президентіміз «Таза Қазақстан» деген акцияны жариялады. Осы бүкіл ай бойынша біздің жұмысымыз халықты жұмылдырып, халықтың бірлігін көрсетіп осы акцияға қатысу.Өлкеміздің тарихи жерлерінде жұмыстар басталатын болады. Енді бүгінге қаланы тазалау, облыстың ішіндегі ауылдарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Барлық тұрғындарымызды соған шақырамыз.

Қаланың тазалығына жауапты мекемелер үздіксіз қызмет атқарып жатыр. Акция аясында аулалар тазаланып, ағаштар егіліп, әктеледі, мәдени ескерткіштер аумағы тазартылмақ.