Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

26 мыңнан астам педагог су тасқынына қарсы шараларға қатысуда

AstanaTV
16.04.2024ж. 15:48
180
26 мыңнан астам педагог су тасқынына қарсы шараларға қатысуда

26 мыңнан астам педагог пен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынымен күреске жұмылдырылған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты.

«Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Министрлік өкілдері Атырау, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Абай облыстарының жағдайымен барып танысты. Су тасқыны басталған уақыттан 4 739 бала сауықтыру орталықтарына, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына және инновациялық мектеп-лицей интернаттарына орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақтанумен қамтылуда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

«26 мыңнан астам педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға, оның ішінде жағалауды бекіту жұмыстарына қатысуда. 400-ге жуық мектеп психологы эвакуациялық пункттердегі балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетуде.
Одан бөлек министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда», - деді министрлік ресми өкілі.