Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қандай қолдау алады

AstanaTV
16.04.2024ж. 16:38
218
Су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қандай қолдау алады

Еңбек министрлігі 2024 жылғы 11 сәуірдегі бұйрықпен төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау шараларын белгілейтін бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұдан әрі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Түзетулерге сәйкес, қайта куәландырусыз мүгедектігі бар адамдар мүгедектік мерзімдерін, ТЖ кезеңінде еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін ұзартады.

Жаңартылған нормада:
"Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылады, яғни алып жүрген көмегінің уақыты ұзарады. Бұған төтенше жағдай режимінің қолданысы аяқталған ай толық есептелінеді".