Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Түркиядағы дауыл үйлердің төбелері мен мешіттің мұнарасын ұшырып жіберді

AstanaTV
21.04.2024ж. 23:06
310
Түркиядағы дауыл үйлердің төбелері мен мешіттің мұнарасын ұшырып жіберді

Түркияда дауыл салдарынан әртүрлі провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлады және метро су астында қалды, ал Чанкырыда қатты жел мешіттің мұнарасын ұшырып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Travel"-ге сілтеме жасап.

4-ші аймақтық метеорология басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға және Кемер ауданындағы Сиглик маякында 118 шақырымға жетті.

Измирде күшті құйын тіркелді.