Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шри-Ланкада жарыс кезінде автокөлік адамдарды қағып, жеті кісі қаза тапты

AstanaTV
22.04.2024ж. 11:28
284
Шри-Ланкада жарыс кезінде автокөлік адамдарды қағып, жеті кісі қаза тапты

Шри-Ланкада жарыс кезінде автокөлік адамдарды қағып, 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті Newsfirst порталының мәліметіне сәйкес, жеті адам қаза тапқан.

Апат ойлы-қырлы жерде өтетін жарысқа арналған бұрынғы әскери гарнизон аумағында болған.

Жарысты тамашалауға 100 мыңдай адам жиналған.

Полиция сайысқа қатысқан автокөліктің бірін иесі басқара алмай, көрермендер тобына қарай жүріп кеткенін айтты. Қаза тапқандардың арасында балалар бар. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Төртеуінің халі ауыр.