Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

АҚШ-та цирктен қашып кеткен піл жұрттың зәресін ұшырды

AstanaTV
22.04.2024ж. 12:13
264
АҚШ-та цирктен қашып кеткен піл жұрттың зәресін ұшырды

АҚШ-та циркте өнер көрсетіп жатқан піл қашып шығып, көлік қозғалысын шектеп тастады, - деп жазды KAZINFORM.

Американың Монтана штатындағы Бьютт қаласында Виола есімді піл қозғалмалы цирктен қашып кетті. Қатты дыбыстан шошыған жануар көшеге атып шыққан. Сол сәтте көше жолында көлік ағыны тығыз болып, кептеліс орын алды.

Аң үйретушілер Виоланы қуып жетіп, оны тыныштандырып үлгерді. 10 минуттан кейін жануар циркке оралып, үзілген қойылымды жалғастырды.