Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр

22.04.2024ж. 20:00
171
Ақтөбеде су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр

Ақтөбе облысында су тасқынынан 3 мыңнан астам мал қырылды. Қазір аймақта өлекселерді жою шаралары жүзеге асырылып жатыр. Мамандар су тасқыны болған аудандардан судың 1300 сынамасын алған. Оның бес жағдайында ауыз судың ластанғаны көрінді. Барлығы дер кезінде анықталып, ауыз су залалсыздандырылған.

Райхан ҚОЙШАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 
Темір ауданы Алтықарасу судың резервуарынан анықталды. Микроб жағдайы, микробты число анықталды.Ол бойынша дер кезінде жуу залалсыздандыру жүргізіліп, одан кейін алты сағаттай дезинфекция жасап болғаннан кейін зертханалық тексерістен өтті. Содан кейін таза болған соң, халыққа берілді.