Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

1 млн 200 мың теңге жалақыға көлік жүргізушісі табылмай жатыр

24.04.2024ж. 20:00
288
1 млн 200 мың теңге жалақыға көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Елімізде көлік жүргізуші тапшы. Кәсіпкерлер 1миллион екі жүз мың теңге жалақы беруге әзір. Соның өзіне адам жоқ. Темір тұлпарды тізгіндеп, табыс табуға жұрт неге құлық танытпайды? Толығырақ "Экономика" топтамасында.

Елімізде 13 мың 500 шетел азаматы еңбек етеді. Оның 4300-ге жуығы құрылыс саласында, 1629-ы әкімшілік және көмекші қызметте, бір жарым мыңға жуығы (1 482-сі) ауыл, орман және балық шаруашылығында, 1 285-і тау – кен өнеркәсібі және карьерлерде, мыңнан астам адам (1 248-і) өңдеу өнеркәсібінде, 797 адам кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте нәпақа тауып жүр. Еңбек мигранттарының дені-Қытай азаматтары. Аспан асты елінен 4011 адам келген. Өзбекстаннан – 1 577 адам, Үндістаннан – 1 187, Түркиядан – 1 058 адам. Жыл сайын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл 22 мың адамға келуге рұқсат берілген.

Айбар ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ:

Қазақстан өзінің еңбек нарығын қатты қорғайтын мемлекеттер қатарына кіреді. Себебі, бізде квота деген мәселе бар.13 мың жұмыс күші тым аз. Жоғары біліктілігі бар адамдар эксплат деп оталады. 4 мың, 3 мың адамдай осы эксплаттар. Және олардың келуі экономикаға тиімді, мультипликативті әсерін береді. Қалғандары мигранттар болуы мүмкін. Мигранттарды неге шақырады? Қазақстандықтар бара бермейтін жұмысқа олар келіседі.

Екі қолға бір күрек таппай жүрген отандастарымыздың құлағына алтын сырға. Алматы, Астана, Орал және Қостанай секілді ірі қалаларда көлік жүргізушілері тапшы. Жалақысы 500 мыңнан миллион екі жүз мың теңгеге дейін барады. Мұнда жүк көлігі мен такси жүргізушілеріне бос вакансиялар бар. Биыл бұл мамандыққа сұраныс 58 пайызға артқан. Жалақы да 25 процентке көбейді. Орташа айлық -250 мың мен 317 мыңның арасы. Кәсіби маманды көбіне компаниялар іздейді.

Елімізде кітап қымбаттады. Өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға көтерілген. Мамандар бұған қағаз құнының шарықтауы себеп дейді. Былтыр баспа компаниялары 70,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі — газет шығару, 16,7 млрд теңгесі — кітап шығару, 9,7 млрд теңгесі — баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған. Биыл бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Себебі, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8 процентке өскен.