Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оралдық жүргізуші су басқан аймақтағы тұрғындарды құтқарды

24.04.2024ж. 20:00
178
Оралдық жүргізуші су басқан аймақтағы тұрғындарды құтқарды

Оралдық жүргізуші саяжай тұрғындарын ажалдан құтқарып қалды. "Қазавтожол" мекемесінің жүргізушісі Мұрат Мусин полиция қызметкерлеріне көмектесіп, су басқан саяжай аумағына жүк көлігімен алып кіреді. Бірақ қайтарда су көбейіп, ауыр техниканы аударып тастай жаздапты.

Полицейлер судан шыға алмай, үйінде қамалған тұрғындарды іздестіріп, квадроциклімен құрғақ жерге жеткізеді. Бірақ су көбейіп кеткен соң, олар да саяжай аумағынан алысқа ұзап алмапты. Сол кезде көмекке келген Мусин Мұрат әскерилер мінген арнайы техникаға өз көлігін тіркеуді ұсынады. Осылай амалын тапқан ол тұрғындар мен сақшыларды жүк көлігіне мінгізіп, қауіпсіз жерге алып шығады. Қауіпті жерге екі рет көлігімен кіріп шыққан жігіт ағасы 20 адамды аман алып шығыпты.

Мұрат МУСИН, "ҚАЗАВТОЖОЛ" АҚ ҰК БҚОФ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Екі рейс жасадым ғой енді. Екі рейс жасағанда 15-20 адам шықты ғой. Дачаның ар жағында қалып қойды. Су келмейді деп ойлаған болар енді. Жігіттер, милициялар да айтып жатты: аға, енді өту керек, өту керек. Кабинге мінгіздім мында әйелдерді, ер адамдар милиция жігіттер мен мчстің жігіттері кузовқа мінді.