Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақмола облысында жұмыс орнында жоғалып кеткен қыз тұрмысқа шығып кеткен

AstanaTV
25.04.2024ж. 08:42
221
Ақмола облысында жұмыс орнында жоғалып кеткен қыз тұрмысқа шығып кеткен

Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Көкшетаудың 21 жастағы тұрғынын іздестірді, оны әріптестері іздеп таппаған. Жас қызды алып қашып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 сәуірде мектепте педагогикалық тәжірибеден өтіп жүрген жас мұғалімнің із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Бұл туралы оның әріптестері айтып, дабыл қаққан.

"Қыз бір күн бұрын кешке болашақ күйеуі туыстарын ата-анасының үйіне жібермек ниеті болғанын айтты, ол асығыс жолға шығып, әріптестеріне хабарлауға тырысқан. Жолда ұялы байланыстан проблема болғандықтан, ол байланысқа шыға алмаған", - деп хабарлады полиция департаменті.

Сондай-ақ жас мұғалімге қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелмегені айтылды.