Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

3 жасар баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылды

AstanaTV
25.04.2024ж. 14:09
202
3 жасар баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылды

Қостанай облыстық сотының ақпаратынша, балабақша тәрбиешісі 3 жасар баланы ұрған. 

Тәрбиеші К. биыл ақпан айында кәмелетке толмаған 2021 туылған М. атты баланы ұрып-соққан. Сондай-ақ, 2024 жылғы 27 ақпанда кәмелетке толмаған Ж.-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, нәтижесінде денсаулығын зақымдаған.

Тәрбиешіге қатысты іс қозғалған. Оны Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Сот отырысында азамат К. кінәсін мойындады. Әкімшілік жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сот К.-ның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескерген.

Сот қаулысымен К., кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК – 92 300 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.