Спорт Қазақстан
$440.9 €475.95 ₽4.82
×

Алматыда полиция қызметкерлері 22 базарды тексерді

AstanaTV
29.04.2024ж. 14:27
454
Алматыда полиция қызметкерлері 22 базарды тексерді

Алматыда базарларға жергілікті рейдтер жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Алматы қалалық ІІД көші-қон қызметінің басшысы Асхат Бутунчинов өткен демалыс күндері полицейлердің 22 базарды тексергенін түсіндірді.

"Өткен демалыс күндері біздің бөлімше қызметкерлері 22 базарды тексерді, нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-інде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталды. Олардың жетеуі сот шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Сонымен қатар өздері шақырған шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды," – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.