Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстан халқы ассамблеясы су басқан аймақтарға 770 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек жеткізген

29.04.2024ж. 20:00
369
Қазақстан халқы ассамблеясы су басқан аймақтарға 770 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек жеткізген

Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері де су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Арнайы штабтар құрылып, су тасқынынан зардап шеккендерге 770 млн тенге шамасында гуманитарлық көмек көрсетілген. Сондай-ақ 12 мың ерікті су басқан өңірлерге барып, жәрдемдесуде.

Акбар ИСМАЙЫЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кеше өздеріңізде білесіздер қазақстан халқы ассамблеясының 33 сессиясында онлайн форматта өтті. Яғни ол жерде көтерілген мәселелердің барлығы осы су тасқыны мәселесі. Бүгінгі дөңгелек үстелде су тасқыны бойынша мәселелер. Және қазіргі кезге дейін 770 млн көмек көрсетілді. Бұл штаб қазірге дейін жұмыс істеп жатыр тоқтатуға болмайды.