Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды

AstanaTV
30.04.2024ж. 15:18
740
Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 332-орында тұрған Беларусь өкілі Егор Герасимовпен өткізді.

Бейбіт Жұқаев 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 12 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін корт иесі, рейтингіде 485-сатыдағы Ригел Темен таласады.

Бейбіт ресейлік Алибек Качмазовпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 241-орындағы аустралиялық Тристан Скулкейттен жеңіліс тапты – 2:6, 0:3. Екінші сетте Д.Евсеев матчты жалғастырудан бас тартты.