Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"160 күн қалды": Динара Сәтжан әскердегі ұлын көрсетті

AstanaTV
05.05.2024ж. 18:08
2622
"160 күн қалды": Динара Сәтжан әскердегі ұлын көрсетті

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлын туған күнімен құттықтап, оның әскердегі суреттерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистің ұлы - Даниал жаңа жасын әскерде қарсы алып жатыр. Тележүргізуші ұлы әскери борышын президенттік полкта өтеп жатқанын жазды.

"Бүгін Даниал 19 жасқа толды. Ұлым жаңа жасын "Айбын" президенттік полкында қарсы алып жатыр. Әскерден қайтуына 160 күн қалды. Ол мықты әрі төзімді бола түскен. Әскер деген - керемет мектеп. Ұлым, сені мақтан тұтамыз! Сені жақсы көреміз", - деп жазды Динара Сәтжан.