Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

7 мамырға арналған ауа райы болжамы

AstanaTV
07.05.2024ж. 09:05
621
7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер болжамына сәйкес, республиканың батысында, шығысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, солтүстік-батыста, шығыста тұман түседі деп күтіледі, - деп жазылған"Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ, түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды, Абай облыстарының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1, 3 градус суықты көрсетеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының шығысында да 1 градус суық болып, топырақ беті қатады, үсік жүреді деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары, - деді "Қазгидромет" РМК.