Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Чемпиондар лигасында бүгін «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» ойнайды

AstanaTV
07.05.2024ж. 13:04
486
Чемпиондар лигасында бүгін «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» ойнайды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 7 мамыр 23:50-де да тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін алты мәрте кездесті.

Оның біреуінде «Боруссия Дортмунд» басым түсіп, үшеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында «Пари Сен-Жермен» командасының мерейі үстем болды.

«Боруссия Дортмунд» командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ.