Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты

AstanaTV
07.05.2024ж. 20:01
616
Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты

6 мамырда Павлодарлық 16 жастағы еліміздің ең жас автожарысшысы Анатолий Кин жол апатынан қайғылы түрде қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға туралы STK Sokol автодромының өкілдері Instagram желісінде жариялады.

"Толи Кин арамыздан кетті. Павлодарға барар жолда болған апат бәріміз үшін қайғылы оқиға. Онда біздің чемпионаттың ең жас және ең талантты шабандозының бірі қаза тапты. Толя, сен өз арманыңа қарай жүрдің. Ниетіңмен жақындарың, достарыңның қолдауымен үлкен биіктерге жетіп, ең жақсылардың бірі болдың. Біз сенімен мақтанамыз және сен біз үшін мәңгілікке 16 жасар Толя болып қала бересің", - делінген жазбада.

Деректерге сүйенсек, 5 мамырда жас шабандоз Алматыда дрейф сериясында жарысқа түскен. Ал 6 мамыр күні оның қазақсы туралы хабарланды.