Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жетісуда жолаушы әйел қаза тапты

AstanaTV
08.05.2024ж. 09:42
698
Жетісуда жолаушы әйел қаза тапты

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды.

Жол апаты 6 мамырда болды. TOYOTA PICNIC көлігі Алматы-Өскемен тасжолының 429-шақырымында аударылып кеткен. 51 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен, салдарынан көлік аударылған.

Оқиға салдарынан сол көлікте отырған жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жол көлік оқиғасы бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Өңір полициясы жүргізушілерді ҚР Жол-қозғалысы ережелерін ескеріп, рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтауға шақырады.