Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қалалық ішкі істер департаменті 102 қызметіне шағымданғандарға жауап қатты

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2458
Қалалық ішкі істер департаменті 102 қызметіне шағымданғандарға жауап қатты

Алматы полициясына тәулігіне 3,5 мыңдай қоңырау түседі. Оның ешқайсысы жауапсыз қалмайды. Қалалық ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының жұмысына қатысты сынға жауап қатты. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде 102 қызметіне қатысты жағымсыз пікірлер көп айтылады. Азаматтар қоңырауға жауапты ұзақ күтетінін айтып, шағымданған. Полиция өкілдері журналистер мен блогерлерді орталықтың қызметімен танысуға шақырды. Мұнда тәулігіне 10 адам тек қоңырау қабылдаумен айналысады. Көшедегі патрульдік қызметтерге бағыттау жұмысы да көрсетілді. Қоңырау қабылдаған полиция жасағы оқиға орнына кем дегенде 7 минутта жетуге міндетті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Адамдардың өздері кей тұста жауапкершілікпен қарамайды осы тұрғыда. Мысалы, 102 пултіне хабар түсе саласымен, бір 10 секундтың ішінде жауап бермесе, ол өзінің тұтқасын қоя салып, тағы звондайды. Бірақ ол автоматты түрде жұмыс істейтін желісі болғаннан кейін міндетті түрде соңына дейін күтулері тиіс. Өйткені сіз тұтқаны қоя салған сәтте автоматты түрде кезектен түсіп қаласыз деген сөз.

Алматыда 2000 жылы жедел басқару орталығы құрылған. Жылына 350 мыңдай қоңырау қабылданады. Ал 2 мыңға жуық бейнебақылау камерасы арқылы көшелерді қадағалауға мүмкіндік бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3 мың адамдық жеке құрам жұмылдырылған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ