Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сочиде Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

AstanaTV
17.02.2014ж. 10:00
883
Сочиде Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

Бүгін Сочидегі Олимпиада ойындарында Қазақстаннан дебютанттар жарысқа шығады. Олар - фристайлшы Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек. Отандастарымыздың 21 қарсыласы бар, оның төртеуі Беларусь Республикасынан келген спортшылар.

Айта өтейік, әзірге Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жүлдегер атанған болатын. Бұған дейін жарыс алаңына шыққан өзге спортшыларымыз жүлдеге іліге алған жоқ. Қазақстан әзірге 25-орында.

Илхам ИБРАГИМ