Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ҰҚК шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
766
ҰҚК шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Серік Әшімбаевты тұтқындауға сот санкциясы шықты. Күдікті қамауға алынды. Санкцияны әскери сот ақпанның 13-інде берген. Оған Қылмыстық кодекстің 380-бабының екінші тармағы бойынша, яғни "қызмет бабын асыра пайдаланды, өзіне берілген билікті шектен тыс қолданды" деген айып тағылды. Бұл жөнінде әскери соттың баспасөз орталығы хабарлады.


Аманкелді Жұлқайнаров, ҚР әскери сотының баспасөз хатшысы:


Иә, ол бұрынғы орынбасар. Іс былтыр 2013 жылдың 23 мамырында қозғалды. Ал қазір санкция берілді.  Ақмола облысының гарнизоны санкция берді. Оны былтыр жұмыстан шығарып тастаған. Ал 13 ақпанда Ақмола гарнизоны санкция берді.


Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қалмыстық іс өткен жылдың мамырында қозғалғаны мәлім. Бұл туралы бұған дейін айтқан едік. Ол кезде біздің арнаға әскери прокуратураның ресми өкілі Әшімбаевтің тұтқындалғанын хабарлаған болатын. Оған "әскерилерге арналған тұрғын үйді сатып алу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылды. Кейбір ақпарат құралдары Әшімбаев 300 млн теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқырды деп жазды. Алайда ол кезде күдіктіні тұтқындап, жауапқа тартуға сот санкциясы шықпаған болатын.


Айгүл ӘДЕПБАЙ