Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ мұнай және газ операторларының бірін Қытайға сатпақ

AstanaTV
18.02.2014ж. 13:00
1328
АҚШ мұнай және газ операторларының бірін Қытайға сатпақ

Қытайдың Goldleaf Jewelеry компаниясы АҚШ-тың мұнай-газ операторын 665 миллион долларға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Нақтыласақ, мәселе мексикалық шығанақтағы ERG Resources LLC хақында болып тұр. Бұндай шешімін Goldleaf компаниясы «ұлтаралық және нарықаралық-халықаралық шикізат кәсіпорны» болып қалыптасу мақсатында қабылдаған.

Айта кетейік, Қытайда сырттан, яғни шетелден әкелінетін мұнай қажеттілігі арта түсуде. Бұл себепті олар, бұдан бірнеше жыл бұрын америкалық Unocal компаниясын 18 миллиард долларға сатып алмақ болған. Ал жуырда ол компания канадалық Nexen мұнай-газ компаниясының иелігіне өтуі мүмкін деген ақпарат тарады. Қытай мен АҚШ арасындағы үйлестіру органдары өзара келісімге келсе, Қытай тарапы техастық компанияның 95%-зын иемденбек.

Жұрағат БАМАН