Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралда мұнай және газ колледжінің ұстаздары оқу ордасын мектеп оқушыларына таныстырды

AstanaTV
18.02.2014ж. 13:00
767
Оралда мұнай және газ колледжінің ұстаздары оқу ордасын мектеп оқушыларына таныстырды

Оралда мектеп бітірушілер үшін шетелде білім алуға тағы бір мүмкіндік туып отыр. Қазір өңіраралық мұнай-газ саласында мамандар дайындау жұмыстары жүргізілуде. Болашақ мектеп түлектері бұл үшін математика мен ағылшын тілі пәнінен тест тапсыруы тиіс.

Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін де жеңілдіктер қарастырылыпты. Ал сыннан сүрінбей студент атанғандар, кейін алған білімі мен тәжірибесін Канадада ұштастыра алады. Жуырда мұндай кездесулер Қызылорда, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да өткізілмек. Ал оқу орны өзінің алғашқы студенттерін Астана мен Алматы қалаларында 2015-жылы қабылдамақ.