Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сарапшылар банктердің банкроттығы туралы хабарды таза қауесетке балайды

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
853
Сарапшылар банктердің банкроттығы туралы хабарды таза қауесетке балайды

Сарапшылар да банктердің банкроттығы туралы хабарды таза қауесетке балайды. Экономист Меруерт Махмұтованың айтуынша, бүгінгі әрекетке бәсекелестердің де қатысы болуы мүмкін. ""Немесе шетелдік қаржы құрылымдарының да әрекеті болуы ықтимал", - дейді. Сондықтан халықты мұндай алып-қашпа сөздерге сенбеуге үндеді.

 

Меруерт Махмұтова, сарапшы:


Банктер арасындағы бәсекелестікке байланысты деп ойлаймын. Бұл бір банктен бір банкке клиенттерді өздеріне тарту. Сол үшін таратылып отырған ақпарат. Ресейдің бір эксперттері болып аталады. Өзім айттым бұл "рупор Кремля" деп, ол Қазақстанда өткен девальвация Ресейде болып жатқан девальвация, Құрама Штаттардың саясаты іске қосылып жатыр деген мәселені ұсынып отыр. Маңызды идеясы байқап отырсам, Ресей мен Қазақстан бір эмиссиялық центр құрып, бір валюта шығару керек Құрма Штаттарына жауап беретіндей мүмкіндік болатындай деген. Қазақстанның халқы өзінің үкіметіне, өзінің теңгесіне сенбесе, Ресейдің болсын, Құрама Штаттарының болсын осындай ақпараттарына аяғында жем боламыз.

 

Айгүл ӘДЕПБАЙ