Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Солтүстік Каспий Консорциумы жаңа құбырлар сатып алуға тендер жарияламақ

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
816
Солтүстік Каспий Консорциумы жаңа құбырлар сатып алуға тендер жарияламақ

Кашағанды игеріп жатқан Солтүстік Каспий Консорциумы жаңа құбырлар сатып алуға тендер жарияламақ. Қызығы сол, консорциум бұл іске жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесін күтпей-ақ кірісті.

Алып кен орнында мұнай өндіру өткен жылдың қыркүйегінде басталған. Бірақ іле-шала жұмыс тоқтады. «Д» аралынан тартылған құбырда бірнеше рет ақау шықты. Мұның себебін анықтау шаралары әлі күнге жалғасып отыр. Қорытындысы осы жылдың алғашқы тоқсанында шығуы тиіс. Таратылған ресми хабарламаға сүйенсек, консорциум тендер жариялауға "уақытты текке өткізбеу үшін" кіріскен сыңайлы.

Айта кетейік, Қашаған жобасында отандық «ҚазМұнайГаздан» бөлек бірнеше шетелдік компаниялардың үлесі бар. Соңғы 40 жылда табылған ірі кен орнындағы "қара алтынның" қоры болжам бойынша 4,8 миллиард тоннаға тең. Сондай-ақ, 1 триллион текше метрден асатын табиғи газ бар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА