Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ЕО және әлемнің бірқатар елдері Украинаға қарсы санкция енгізуде

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
923
ЕО және әлемнің бірқатар елдері Украинаға қарсы санкция енгізуде

Киевтегі қақтығыстар салдарынан қаза болғандар саны 30 адамға жетті. Тағы 800-ге жуық адам ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Жапа шеккендердің көбі оқ тию салдарынан жараланған. Қос тарап қаруды қолданғандары үшін бір-бірін кінәлауда.

Ал Украинаның қауіпсіздік қызметі елде шұғыл түрде антитеррорлық операцияның басталғанын хабарлады. Өйткені, осы сәтті пайдаланған радикалда бейбіт халықты қырып жатыр. Тіпті, олар 1 жарым мың дана қару мен 100 мыңға тарта оқ-дәрілерге қол жеткізген. Енді лаңкестер миллиондаған украиналықтың өміріне қауіп төндіреді.

Ал бұл кезде әлемнің бірқатар елдері Украинаға қарсы қатаң санкциялар еңгізіп жатыр. АҚШ бұл елдегі шайқастың орын алуына кінәлі деген 20-ға тарта шенеунікке қарсы визалық санкция жариялады. Тізімдегі шенеуніктер Америкаға бару құқығынан айрылды. Олардың аты-жөні әзірге айтылмауда. Егер бұл шара Украинадағы жағдайды тұрақтандырмаса, Еуроодақпен бірігіп басқа да қатаң шараларды қолға аламыз, деп ескертті Барак Обама.

Ал Еуроодақ Украинадағы ондаған адам өліміне ұшыратқан қақтығысқа жауапты тұлғалардың банктегі активтерінің жабылуы мүмкін екенін хабарлады. Және Еуроодақ территориясына кіруге тыйым салынуы мүмкін деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ