Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Экс-банкир Әблязовтың бас күзетшісі Қазақстанға экстрадицияланады

AstanaTV
20.02.2014ж. 13:00
798
Экс-банкир Әблязовтың бас күзетшісі Қазақстанға экстрадицияланады

Экс-банкир Әблязовтың бас күзетшісі Қазақстанға экстрадицияланады. Испания қашқын шендінің қауіпсіздігіне жауапты Александр Павловты қазақ жеріне жіберуді құптады.  

Еске салайық,  2012 жылдың желтоқсанында Испанияда ұсталған Павлов Қазақстан үкіметі сұрауымен іздеуде жүргендер тізіміне қосылған. Себебі Әблязовтың күзет қызметін басқарған  Павлов Қазақстанда бірнеше  лаңкестік  әрекет ұйымдастырмақ болды деп айыпталды.

Мұнан бөлек сот 38 жастағы Александр Павловты «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірлесіп ірі көлемде қаржы жымқырған деген айыппен де үкім шығарды. Ол 2009 жылдан бері қазақстандық құқық қорғау органдарының құрығына ілінбей жүр. 


Әлия ӘШІМ