Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Украинада билік пен оппозиция бітімгершілік туралы уағдаласты

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
698
Украинада билік пен оппозиция бітімгершілік туралы уағдаласты

Украинада билік пен оппозиция өкілдері кездесіп, бітімгершілік туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сөйтіп, екі жақты келіссөздер басталып кетті. Осы арқылы жаппай қантөгістің алдын аламыз, - дейді оппозиция көшбасшысы Арсений Яценюк. Билік бейбіт тұрғындар өміріне қауіп төндірмес үшін бұл қадамға барғанын хабарлады. Келіссөздерден кейін бірден майдандағы жағдай тұрақтанды.

Қазір ереуілшілер шатырлар тігіп, ыстық тамақ жеткізіп жатыр. Келіссөздердің келесі кезеңі бүгінге жоспарланған. Егер Президент оппозицияның талаптарын құптаса, қақтығыстар толығымен тоқтайды.

Ал бүгін Украина халқы аза тұтып жатыр. Елде бір күндік қаралы күн жарияланып, мемлекеттік тулар төмен түсірілген.

Илхам ИБРАГИМ