Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Аргентинада бағаның қымбаттауына орай жаппай ереуіл басталды

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
762
Аргентинада бағаның қымбаттауына орай жаппай ереуіл басталды

Жүздеген аргентиналық азық-түлік бағасын арзандатуды талап етіп, Буэнес-Айрестің орталығында шерулетті. Инфляцияға қарсылық білдірген плакаттарда «тоқсаныншы жылдарға қайтып бармаймыз» деп жазып алған.

Наразы топ түрлі-түсті «жарылғыш» заттарды бағаны қымбаттатқан супермаркеттерге атқылады. Осыдан біраз бұрын Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер дүкен қожайындары бағаны қолдан қымбаттатып отыр деп айыптаған. Содан соң, билік өткен аптада сауда өкілдерімен бағаны 60 күнге көтермеу туралы келісім жасасқан.

Алайда, бір апта өтсе де сөрелердегі баға сол беті өзгеріссіз. Үкімет девальвация салдарынан 30%-ға «ұшып» кеткен инфляцияны тежеуге күш салуда.

Еске салайық, аргентиналық песо бағамы долларға қатысты 11%-ға құлдырап кетті. Бұл 2002 жылдан бері жергілікті валютаның ең төменгі курсы.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА