Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ-та бірден 50 көлік соқтығысып қалды

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
936
АҚШ-та бірден 50 көлік соқтығысып қалды

Американың Пенсильвания штатында көктайғақтан елуден астам көлік соқтығысты. Жергілкіті биліктің хабарлауынша, тас жолда жеңіл және жүк көліктері кептеліп қалған. Соңынан соқтығысқан. Бірнеше адам ауыр жарақаттанды. Апат орнында төтеншеліктер мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Жол қозғалысын тоқтатып тастауға тура келді. Полиция өзге жолаушыларды айналма жолмен алып өтуде.

Пенсильванияда бірнеше аптадан бері толассыз қар жауып тұр. Ауа температурасы ноль градус. Салдарынан жолдарда көктайғақ. Бес күн бұрын Пенсильванияның басқа ауданында осылайша тағы 100 көлік соқтығысқан.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА