Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбе облысы: 30 көлік қар құрсауынан құтқарылды

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
1163
Ақтөбе облысы: 30 көлік қар құрсауынан құтқарылды

Ал Қазақстанның батысында қарлы боран. Ақтөбе облысында жағдай тым қиын. Мұнда 50-ге тарта көлік қар құрсауында қалып қойған. Бүгін түнде облыстағы Қобда-Жиренқопа тас жолында 30 автокөлік қар арасынан аршып алынды. Құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Зардап шеккендер болған жоқ.

Ақтөбе-Астрахань тас жолындағы Қарауылкелді ауылының маңында қар құрсауында қалған 17 көлік те тазартылған жолға шығарылған. Дәл қазір Қарағанды облысында да боран салдарынан көлік қозғалысы қиындаған.

Илхам ИБРАГИМ