Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Керекуде құрылысы басталған «Сарыарқа» мөлтек ауданы республикалық қаржыландыру көзінен қағылды

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
630
Керекуде құрылысы басталған «Сарыарқа» мөлтек ауданы республикалық қаржыландыру көзінен қағылды

Керекуде құрылысы басталған «Сарыарқа» мөлтек ауданы республикалық қаржыландыру көзінен қағылды. Бұл жайында Павлодарға арнайы жұмыс сапарымен келген Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Нокинмен өткен жиында белгілі болды.

Жергілікті билік бұл құрылысты «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырмақ болған. Астаналық шенеунік «бұл - заңға қайшы» деп отыр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерлер тек қана кезекте тұрғандарға берілетіні ескертті.

Естеріңізде болса, былтыр «Алюминстрой» мөлтек ауданының бес бірдей көп қабатты үйі бұзылған болатын. Оның орнына жаңа мөлтек аудан салуды жоспарлаған еді. Осындай 1950-шы жылдары уақытша баспана ретінде тұрғызылған 150-ден астам үй бар. Онда 1 мың 300-ге жуық отбасы тұрады.

Билік құлағалы тұрған үйлерді бұзып, орнына 12-қабатты су жаңа үйдің құрылысын бастап кетті. Қоныс тойы алдағы тамыз айына жоспарланған еді. Жаңа шағын ауданда бой көтеретін көп қабатты үйлер сүрілген ескі үйлердің тұрғындарына үлестіруді көздеген. Енді бар шығын жергілікті бюджеттен алынуы мүмкін.

Серік Нокин, ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары:

Қазіргі таңда үй салынып жатыр. Ол деген біз ойлаймыз, жергілікті бюджеттен қарастырылуы керек. Біздің «Қол жетімді» бағдарламасымен біз кредитке бере аламыз ақшаны. Оны 10 жылдан кейін қайтару керек. Қайтарғанда
бір үлкен бір проблема болады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ