Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

РФ пошта арқылы жеткізілетін жолдамаларға белгіленген соманы төмендетпек

AstanaTV
20.02.2014ж. 13:00
736
РФ пошта арқылы жеткізілетін жолдамаларға белгіленген соманы төмендетпек

Сәуірден бастап Ресей Федерациясы шетелден пошта арқылы жеткізілетін жолдамаларға белгіленген шекті соманы бұрынғы мың еуродан 150 еуроға дейін төмендетпек. Яғни поштамен жеткен зат не тауардың құны осы шектеулі сомадан асып кетсе ғана, тапсырыс беруші мемлекетке баж салығын төлейді. Ал салық құны - жалпы тауардың отыз пайызына тең. Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Сергей Шаталов бұл өзгеріске Кедендік одақ құрамындағы Қазақстан қосылады деп мәлімдеген. Осыған орай пошталық жолдамалардың тасымалына жауапты «Қазпошта» акционерлік қоғамының пікірін білдік.


Мұрат Жарылқағанов, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:


Россияда қазір естіп жатырмыз, олар өзгеріс енгіземіз дейді, Беларусьта бұрыннан бері көлемі кішкентай болған. Біздің жұмысымыз - халыққа қызмет ету. Менің ойым, біз нацкомпания болған соң, өз атымнан бүкіл елге мәлімдеме айтудан тартынамын.


«Қазпочта» қоғамының есеп беру отырысында мәлім болғандай, қазір ғаламтор арқылы жүргізілетін сауда қызу дамып келеді. Ресей Федерациясы Қазақстан арқылы заңға қайшы тасымал болуы мүмкін деп жариялады. Яғни шектелген тауар құны 31 келі болғандықтан, көптеген азаматтар жеке өзіне емес, коммерциялық мақсатта тауар сатып алатын көрінеді.

Бұл мәлімдеменің авторы - Ресей байланыс және бұқаралық коммуникация вице-министрі Михаил Евраев. Дегенмен Кедендік одақтағы Ресейдің бұл бастамасына Қазақстан тарапы ресми түрде әлі жауап берген жоқ. Айта кетейік, теңге құнының түсуіне байланысты пошта қызметінің қымбаттауы мүмкін. Дегенмен, мекеме басшылығы бұл сұраққа Көлік және коммуникация министрлігі жауапты деп мәлімдеді.


Сымбат МОЛДАТАЙ