Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Facebook пайдаланушылары WhatsApp арқылы хабарлама жібере алатын болады

AstanaTV
20.02.2014ж. 13:00
1373
Facebook пайдаланушылары WhatsApp арқылы хабарлама жібере алатын болады

Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары WhatsApp арқылы хабарлама жібере алатын болады. Американдық Facebook әлеуметтік желісі аталмыш мессенджерді сатып алмақ. Мәміленің құны 19 млрд доллар.

Айта кетейік, кезінде Facebook басшысы және негізін қалаушы Марк Цукерберг Instagram-ды небары 1 миллиард долларға сатып алған еді. Компанияның пайымдауынша, WhatsApp-ты сатып алу екі тараптың да пайдаланушылар санын және олардың белсенділігін арттырмақ.

Соңғы 9 ай ішінде WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылар саны 450 миллион адамға жетті. WhatsApp мәтіндік хабарлама мен  бейне, аудио жазбаларды тегін әрі шұғыл жеткізу мүмкіндігіне ие. Еске салсақ, еліміздегі үш банктың банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесет хабарлама да дәл осы WhatsApp арқылы тарап кеткен болатын.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА