Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар өңірінде алғаш рет донорлыққа органдар алынды

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1209
Павлодар өңірінде алғаш рет донорлыққа органдар алынды

Павлодар өңірінде тұңғыш рет дәрігерлер адам ағзасын доннорлыққа алды. Үш сағатқа жалғасқан операция қалалық №1 ауруханада өтті. Дәрігер Ермек Күшіковтың айтуынша, 38 жастағы науқастың миының жұмыс істемейтіні анықталған. Осыдан кейін оның жақындары науқастың ағзасындағы ішкі мүшелерді алуға рұқсатын берген.

Медициналық мекеме өкілдері бұл жағдайда барлық процедуралық талаптардың сақталғанын айтады. Тіпті марқұмның діни сенімі ескеріліп, православ шіркеуінен келісім де алыныпты. Осылайша, оның органдары бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бермек.

Ермек Күшіков, Павлодар қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Сол күні адамның мүшелерін Астанаға ұшақпен әкетті. Бірнеше адамға сол күні ағзаның орнын алмастыру операциясы өткізілді. Біз ойлаймыз, ота сәтті өтті деп.

Айта кетсек, қазір Павлодар облысында 66 адам донорлардың көмегіне мұқтаж. Оның алтауына бауырды алмастыру қажет.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ