Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оңтүстік Қазақстанда мәслихат депутаттығына 20 адам кандидатурасын ұсынған

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1409
Оңтүстік Қазақстанда мәслихат депутаттығына 20 адам кандидатурасын ұсынған

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу басталғалы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 20 үміткер тіркелді. Шымкентте бүгін арнайы өткен семинар-кеңесте облыстық сайлау комиссиясы төрағасы өтініш білдіргендердің барлығы өзін өзі ұсынғандар екенін айтты. Олардың арасында бір адам облыстық мәслихатқа кандидатурасын ұсынса, қалған 19-ы аудандық мәслихатқа сайланудан үмітті.

Айта кетейік, биыл аймақта қосымша 46 сайлау учаскесі ашылды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мұны өңірде халық санының өсуімен әрі сайлаушыларға жағдай туғызу үшін қолға алынғанын жеткізді. Наурыздың 20-сына белгіленген саяси науқанда облыс бойынша 1 млн 300-дей адам дауыс береді деп болжанған. Аймақта жалпы саны 1074 сайлау учаскесі жұмыс істемек. 

Әлібек Өмірәлиев, Оңтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссиясының төрағасы:

Біздің облыстық сайлау комиссияның барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мынау сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында жауапкершілік танытып, өз деңгейінде, жүйелі түрде сайлауды заң талабына сай өткізілуін қамтамасыз етеді деген сенімдемін.   

А
йзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ