Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанай облысында қорек таппаған түлкілер көбейді

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
2192
Қостанай облысында қорек таппаған түлкілер көбейді

Қостанай облысында жабайы жануарлардың елді мекендерде бой көрсетуі жиілеп кетті. Әсіресе түзден қорек таппаған қоян, түлкілер ауылдарды қойып, қала маңын сағалап жүр. Көше кезген қу түлкіні Рудный қаласының тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Елді мекенге енген түз жануарына қатысты көпшіліктің пікірі алуан.

Тұрғындардың кейбірі түлкі құтыру ауруына шалдыққан шығар деп алаңдаса, келесі легі қырдан қорек таппаған жануар шаһар шетін жағалап жүр деген болжам жасап үлгерген. Ал мамандар, жабайы аңды кездестіргендер дереу арнайы мекемелерге хабарлау керек, дейді.

Сұңқаржан Байдәулетов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Биылғы жылы қардың қалың түсуіне байланысты, жабайы жануарлардың, әсіресе түлкілердің қоректенуіне қиынға түсті. Қалалық жерлерде, қоқыс жиналатын жерлерде жаңағы жануарлар жиі кездесе бастады. 2014 жылдан бастап қазіргі күнге дейін түлкі жануарының ауруға шалдыққаны тіркелген жоқ.   

Заңғар САНАЙ