Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде жол-патрульдік полиция қызметкері табельдік атыс қаруынан жарақат алып қаза тапты

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1646
Ақтөбеде жол-патрульдік полиция қызметкері табельдік атыс қаруынан жарақат алып қаза тапты

Ақтөбеде жол-патрульдік полиция қызметкері табельдік атыс қаруынан жарақат алып, қаза тапты. Оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-дер шамасында полиция бөлімі ғимаратында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин: "Оқиғаның қалай болғанын тергеу шаралары анықтайды",- дейді. Сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалғанын жеткізді.

Әзірге белгілісі, оқыс оқиға полиция бөлімінің қару-жарақ қабылдау бөлмесінде болған. Кеудесінен жарақаттанған тәртіп сақшысы облыстық медициналық жедел жәрдем аурханасына жеткізілген. Алайда бір сағаттан соң көз жұмған.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған қызметкер 2008 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Арнайы шені - полиция аға лейтенанты, 34 жаста.

Мансұр ЕСХОЖИН