Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда алдағы сайлауда мәслихатқа Алмалы ауданынан сынға түсетін кандидат анықталды

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1732
Алматыда алдағы сайлауда мәслихатқа Алмалы ауданынан сынға түсетін кандидат анықталды

Алматыда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерді іріктеу қызу жүріп жатыр. Бүгін қаладағы №6 сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясының екі үміткері жасырын дауыс беру арқылы сынға түсті.

Алдағы мәслихат сайлауына Алмалы ауданындағы бастауыш партия ұйымдары екі үміткер ұсынған. Алайда бұл округтен тек біреуі ғана өтуі тиіс. Осыған орай "праймериз", яғни жасырын дауыс беру ұйымдастырылды. Қалалық кардиологиялық орталықтың білікті дәрігері мен Қыздар ұлттық педагогикалық университетінің ректоры өзара сынға түскен еді. Сайлауалды іріктеу шарасында 200 сайлаушы қатысып, университет ректоры Динара Нүкетаева 86 пайыз дауысқа ие болды. Енді ол 20 наурыз күні қалалық мәслихат депутаттығына сайлауға түседі.  

Сайра Жиенбаева, сайлаушы, педагогика ғылымдарының докторы:

Мемлекеттік басқару аппаратын құру деп жатырмыз. Сол мемлекеттік басқаруда жаңа басқару инновациялық стилін енгізетін, жастарды көтермелеп, сол басқару аппаратының баспалдағынан көтерілуге мүмкіндік жасайтын, әлеуметтік проблеамаларды шеше білетін мүмкіндіктері бар кандидатты өзім қолдадым.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ