Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жер кодексі халыққа жан-жақты түсіндірілді

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
3512
Жер кодексі халыққа жан-жақты түсіндірілді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы өкілдері «Барлық» базарының ұжымымен кездесіп, жұртшылыққа «Жер кодексін» жан-жақты түсіндірді. Нұротандықтар бас сұққан «Барлық» базарында бүгінде 2,5 мың адам жұмыс істейді. 20 гектар аумақты алып жатқан жер жекеменшіктің қолында. Шағын және орта бизнеспен айналысатындар жердің игілігін көріп, осында жеке кәсіп ашып, өзіне және мемлекетке кіріс келтіріп отыр. Сауда жасайтындардың басым бөлігі ауылдан келген жастар.

Өз кезегінде реформаны түсіндіруге келген партия белсенділері өзге өңірден келген азаматтарға азын-аулақ қаражат жинап, ауылға барып жұмыс істеуге кеңес берді. Ондағы бос жатқан жерлерді тыңайтып, шаруашылықты жандандыруға күш салуға үндеді. Кәсіпкерлер де жер мәселесіне қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, шаруаларын алдағы уақытта да ширататындықтарын жеткізді.

Бағжан Сатыбалдыұлы, Алматы қаласы «Барлық» базары басшысының орынбасары: 

Бұл жер бос жатқан. Халықты  жұмыспен қамтамыз ету үшін, базар ашып халыққа жұмыс беріп жатырмыз. Барлық базарында 20 га жер. 2,5 мың адам арендаторымыз бар. Олардың ИП-лары бар. Заңды түрде жұмыс істеп, салықты төлеп, жұмыс беріп жатырмыз.

Мәдениет Қаркенов, Алматы қаласы Наурызбай аудандық ардагерлер алқасының төрағасы:

Өз жерінен, ауылынан жұмыс істеп таба алмай, осы жерге келіп, күн көріп отыр. Осы жастарды ауылға шақырсақ, қайтадан былайша айтқанда мойнымызға артықжүк тастамаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз - жұмыс істеп көріп, бірдеңе жинап, ауылға барса, жаман болмайды. Ауылға шақыру керек.Ауылдағы жағдайды жақсарту керек, жерді қайтадан қарауға, халықты үйретіп, содан талап ету керек.

Айгүл ЕРМАХАН